«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» кураторлық сағаты
2022 жылғы 19 қазанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары М. А. Садықова мен Ж. Д. Дәулетханова Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттеріне (Қ-21-01 және Ф-20-01 академиялық топтары) патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білімді байыту, білім алушылардың өз Отанының тарихына деген қызығушылығын дамыту мақсатында «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Баяндамаларды тыңдап, презентацияны қарап шыққаннан кейін іс-шараға қатысушылар кураторлық сағат тақырыбы бойынша викторина сұрақтарына жауап берді.