ЕАГИ де жаңа дәстүрдің пайда болуы
2022 жылдың 2 қарашасында «Айдың үздік бөлмесі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, бұл жатақханада тұратын студенттердің өмірінде жаңа дәстүрдің бастауы болды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, бұл байқау алғаш рет өткізіліп отырғанын, ол институт жатақханасында тәрбие жұмысын жетілдіруге, студенттерді жатақханада тұру жағдайларының сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысуға тартуға, сондай-ақ студент жастарды жеке жайлы тұру, тұрғын бөлмелерде тазалық пен тәртіпті сақтауды ұйымдастыруға ынталандыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ай қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарын декан, п.ғ.к., доцент Т.Н. Кемайкина, жатақхананың педагог-тәрбиешісі Б.Ш. Кадрина, жатақхананың коменданты Г.У. Дутпаева, психологиялық қызметтің жетекшісі А.Н. Кабыл, ЖІК төрағасы А.К. Абильдина жатақхананың студенттік кеңесінің көшбасшылары құттықтады.
Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.