“Equity in Informal STEM Learning: Using the Equity Compass” онлайн-курстары
2022 жылдың 1 қазанынан 3 қарашасына дейін п.ғ.м., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенованың жетекшілігімен “Шетел тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері (ШТ-22-01 академиялық тобы) Лондон университетінің колледжі (UCL) ұйымдастырған “Equity in Informal STEM Learning: Using the Equity Compass” онлайн курстарынан өтті.
STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білім — бұл жаратылыстану ғылымдары мен инженерлік пәндерді бір жүйеге біріктіретін модель. Курс аясында студенттер бағдарламалау, вебсайттар құру және әлеуметтік медиа маркетингі бойынша негізгі білім алды, ақпарат ағынында жылдам шарлауды, алған білімдерін іс жүзінде қолдануды, бастамашылық танытуды және техникамен шебер жұмыс істеуді үйренді. Студенттер үлкен тәжірибе алды, онлайн курстардың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар UCL (Ұлыбритания) университетінің сертификаттарын алды.