«Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлық пен діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбындағы дәріс
2022 жылғы 12 мамырда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және студенттердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында педагогика кафедрасында «Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлық пен діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Қалдыбаев Қайырбек Серикбаевич дәріс оқыды. Дәріс тыңдаушылары «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері, сондай-ақ кафедра оқытушылары болды. Соңында Каирбек Серикбаевич студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.