«Күйзеліссіз сессия!» кураторлық сағаты

2022 жылғы 29 қарашада AI-22-01 академиялық тобының кураторы («Аударма ісі» білім беру бағдарламасы), шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Б.Ш. Кадрина «Күйзеліссіз сессия!» кураторлық сағатын өткізді. Бұл сессия бірінші курс студенттері үшін бірінші болып табылатындықтан, куратор ұйымдастырушылық мәселелерге мұқият назар аударды және сессияны өткізу форматын түсіндірді, емтихандарға дайындық, консультациялар, сессияны өткізу ережелері және т.б. туралы сұрақтарға жауап берді.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, барлық сұрақтарға толық жауап алды.