«Мұстафа Шоқай мұрасы» республикалық дөңгелек үстелі

2022 жылғы 30 Қарашада «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты ҚР ҰӘҚ Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Мұстафа Шоқай мұрасы» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Отырыс аясында Стамбул университетінің профессоры Абдуакап Кара мен еліміздің ғалымдары М.Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер туралы пікір алмасты.