«Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру тарихы» тақырыбындағы семинар

2022 жылғы 6 желтоқсанда заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Е.К. Нурпеисов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру тарихы» тақырыбында теориялық семинар өткізді. Оған заң пәндері кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар аясында егеменді Қазақстанда демократияның қалыптасу мәселелері талқыланды. Студенттер модераторға көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауап ала алды.  Семинар сұрақтары студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.