Әзірбайжандағы «Жібек жолы» конгресі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақ риторикасының ғылыми тұжырымдамасы: риторикалық идеал, бірегейлік, аргументация және сөйлеу практикасы» тақырыбындағы жоба аясында жоба жетекшісі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры К. Уразаева және ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының доценті У. Байтурина Ленкоран мемлекеттік университеті (Әзірбайжан) жанындағы «Жібек жолы» халықаралық ғылыми конгресінің жұмысына қазақ риторикасының мәселелері туралы баяндамаларымен қатысты.
Конгресс жұмысы Түркия, Румыния, Болгария, Италия, Ресей, Үндістан және т. б. әртүрлі елдердің ғалымдарын біріктірді.
Доцент У.Байтурина М.Ф. Ахундов ат. Әзербайжан Ұлттық кітапханасында өзінің ғылыми зерттеулері үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау мақсатында болды.