«Күйзеліссіз сессия» тақырыбындағы кураторлық сағат
2022 жылғы 5 желтоқсанда кураторлар Г.Ж. Рахимжанова мен А.М. Искакова «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне (НО-22-01, НОТ-22-01, ПП-22-01 академиялық топтары) арналған «Күйзеліссіз сессия» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды және өткізді. Кураторлар студенттерге есте сақтау түрлері, қасиеттері мен заңдылықтары, адамның ақпаратты игеру мүмкіндіктері және оны ұтымды есте сақтау әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, емтиханға дайындық кезінде толық ұйқы мен тамақтануды ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Студенттерге «Күйзеліссіз сессия» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.