ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректораты, профессор-оқытушылар ұжымы қазақ жəне орыс филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бекенова Гүлнар Шияпқызын «2022 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын алуымен құттықтайды! Алдағы ғылыми – педагогикалық қызметіңізде биік табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!