А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтындағы «Тренинг жүйесінде оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында А. Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-де педагогика кафедрасы мен «Тамыр» білім беру орталығы ұйымдастырған «Тренинг жүйесінде оқыту» тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары басталды. Жаттықтырушы п.ғ.д., педагогика кафедрасының профессоры Б.С. Сәрсекеев. Аталған курстарға қатысып, институттың барлық кафедраларының оқытушылары біліктілігін арттырады.