Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат
2022 жылғы 15 желтоқсанда ЮР-21-01 академиялық тобында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., куратор Г.А. Қанафина Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы деректі фильмдер, атап айтқанда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар туралы фильм, сондай-ақ «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі» фильмі (1991 ж.) қаралды.
Мақсаты ҚР Тәуелсіздігі жарияланған күннен бастап соңғы жылдар өткеннен кейін болған негізгі оқиғалармен танысу, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу, өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.
Фильмді көргеннен кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісті.