Кітапхана туралы
ЕАГИ кітапханасы институт ашылған күннен бастап жұмыс істеп келеді. Бұл құрылымдық бөлімшеге: оны дамытуға, қажетті жабдықтармен, техникамен, жиһазбен қамтамасыз етуге, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорын молайтуға институт басшылығы құрылған күннен бері ерекше назар аударып келеді. Кітапхана жазылым бойынша ЖОО бейініне сай газеттер, журналдар ала бастады, күндізгі бөлім студенттері үшін оқырман билеттері мен формулярлар енгізілді. Институтта жаңа мамандықтардың ашылуымен бірге кітапхана қоры тиісті әдебиеттермен толығып отырды. Бүгінде ЕАГИ кітапханасы институттың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Қордың сапасы мамандар даярлаудың қазіргі талаптарына сай және студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге жедел кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуі институт бейініне сәйкес.
Кітапхана жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылуды жүзеге асырып, Қазақстан мен Ресейдің 96-ға жуық үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) мамандандырылған, ғылыми-көпшілік, әдеби-көркем мерзімді басылымдарын алып отырады.
Кітапхана қорын ұйымдастырумен бір уақытта кітапхананың анықтамалық аппараты: алфавиттік, жүйелік, электронды каталогтер, алфавиттік-пәндік көрсеткіштер «ЖК-пен» бірге; авторефераттар мен диссертациялар картотекасы, электронды оқулықтар картотекасы жасалды, олар белсенді толығып отырады. Алынған әдебиеттердің бәрі де каталогтерде көрсетіледі.
Кітапханаға «Кабис» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесінің енгізілуі жұмыста жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Кітапхана оқырмандарының кітап туралы қажетті ақпаратты табуына, керекті әдебиетті таңдап алуына мүмкіндік беретін электронды каталог жасалды.
Жаңа түскен кітаптар, атаулы күндер мен мерейтойларға арналған тақырыптық, профессор-оқытушылар құрамының еңбектері көрмелерін ұйымдастыру кітапханада дәстүрге айналған.
ЕАГИ студенттер мен оқытушылары Web of Knowledge және Springer платформасында орналастырылған Clarivate Analytics (Thomson Reuters) электронды ғылыми басылымдарына; Science және Scopus платформасындағы Elsevier-ге шығуға рұқсат алды. Бұдан басқа, студенттер мен оқытушылар отандық деректер базасына — «Параграф» пен Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханаға (РМЭБ) рұқсат алды. Осы және бұдан басқа да ресурстар тұрақты жаңартылып, бар білім саласы бойынша аса өзекті, толық мәтінді ақпарат ұсынылып отырады. Аталған деректер базалары ғалымдар мен оқытушылардың зерттеу және білім беру жорбаларын әзірлеуіне, сондай-ақ студенттердің ғылыми жұмыстарын дайындауына ықпалын тигізеді.