«Отбасы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбындағы кураторлық сағат
2023 жылғы 24 ақпанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары Б.Б. Мажитова мен А.Г. Кожахметова Ф-21-01, Қ-21-01, Ф-20-01 , Ф-22-01 және ФТ-22-01 академиялық топтарында (1 – 3 курстары, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) «Отбасы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың басында кураторлар, одан кейін студенттер Г. Абдибекова, Д. Абитаева, Д. Амангелды, А. Аманжолова, Б. Султанбаева баяндамалар жасады. Іс-шараға қатысушылар тақырыптық презентацияларды тамашалады, бейнероликті талқылауға және «Менің отбасым» шығармашылық жобасымен жұмыс істеуге қатысты.