Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат
2023 жылғы 28 Ақпанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары Ж.Д. Дәулетханова және М.А. Садыкова 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған К-21-01, Ф-20-01 (2-3 курстар, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге жылу мен жақсылықты, халықтар арасындағы келісімді түсінуге, бағалауға үйрету, сондай-ақ өзара сыйластыққа тәрбиелеу болып табылды.
Іс-шара аясында «Алғыс айту күні Қазақстан тарихына құрмет ретінде»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы – көпұлтты қоғамды дамытудың негізі»; «Депортацияланған халықтардың қазіргі заманғы әлеуметтік саясатты қалыптастырудағы рөлі» атты мәселелер талқыланды.