«Сот актілерін мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында қонақ дәрісі
2023 жылғы 3 сәуірде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін бөлім басшысы, Астана қаласы Әділет департаментінің аға сот орындаушысы А. Е. Лесбеков «Сот орындаушылары сот актілерін мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдаған кездегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.
Дәріс барысында сот актілерін орындау тәртібіне қатысты мәселелер ашылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.