Өндірістік практика қорытындысы бойынша конференция
2023 жылғы 12 сәуірде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында «Қаржы» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытындысы бойынша конференция өтті (академиялық топтар Ф-19-01, Қ-19-01, ДФТ-20-01, ДФВ-21-01).
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты алынған теориялық білімді бекіту және болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
Студенттер практика нәтижелерінің таныстырылымдары бар есептер дайындады. Өндірістік практика кезеңінде алған практикалық дағдылары туралы айтып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.