Студенттік үйде «Ең үздік бөлме» байқауының қорытындысы шығарылды

2023 жылғы 30 қыркүйекте ЕАГИ студенттер үйінде педагог-тәрбиеші Б.Ш. Кадринаның, студенттер кеңесінің және студенттер үйінде тұратын студенттердің қатысуымен жиналыс өтті.

Қыркүйек айындағы «Ең үздік бөлме» байқауының қорытындысы шығарылды. Ең жарық, таза, жайлы № 1, 14, 28 бөлмелер болды. Сондай-ақ, қабаттардың үздік старосталары – Каип Ерасыл, Мусина Дайана, Әбдіқадыр Жанерке, Көпжасарова Мерей, Көпжасарова Меруерт, Адилбекова Дильназ, Күшікбай Ақтолқы анықталды. Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.