ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаз, «Халық ағарту ісінің үздігі», еңбек ардагері Ризабек Нарманбетұлымен «ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға институт проректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов қатысып, шараның маңыздылығы, маман даярлаудағы кейіпкеріміздің тағылымды өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметі туралы тұшымды ойларымен бөлісіп, естелікке кітап сыйға тартты.

Кездесудің ойдағыдай өтуіне ат салысқан студенттерге, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамына, кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.