Жоба аясындағы кездесу

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті филология факультетінің қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен АР19679549 ««Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың әдеби тіл нормасына сәйкестігін мониторингілеудің теориясы мен тәжірибесі» жобасы аясында (жоба жетекшісі ф.ғ.к.,профессор Ғ. Шойбекова) халықаралық-ғылыми семинар өтті. Семинар барысында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедарсының доценті Лаура Дауренбекова “А.Байтұрсынұлының мысал аудармаларындағы балаларға айтар ғибратты ой-тұжырымдар” тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, белгілі тілші, әдебиеттанушы, әдіскер ғалымдар бала тілін дамыту жолдары жөнінде пікір алысты.