Жаңартылған білім беру негізінде тиімді оқу мен оқыту

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі, Қадыр Әбілжанұлы Ахметовтің төрағалығымен Ғылыми-әдістемелік кеңестің жаңа оқу жылындағы отырысы өтті.

Кеңес жұмысы барысында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, халықаралық тренер, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанұлы Ғалымжанов “Жаңартылған білім беру негізінде тиімді оқу мен оқыту” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.