ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұстаздар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы “Абай” атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры қоғамдық кеңесінің шешімімен, ардагер ұстаз, “Халық ағарту ісінің үздігі” Кемеңгер Ризабек Нарманбетұлы ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін “Абай” мерейтойлық медалімен марапатталды.

Ұлағатты ұстазға кұрмет көрсетіп, қолдау білдірген қордың төрағасы Аслан Қабылбекұлы Ғафуровқа алғыс білдіреміз.