ЕАГИ студенттігі «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!» жеңімпаздар Форумында

2016 жылдың 21 наурызында ЕАГИ оқытушылары мен студенттері Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен «Сарыарқа» велотрекіндегі жеңімпаздар Форумына қатысты.

Форум, 2016 жылдың 20 наурызында өткен ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы «Нұр Отан» партиясының жеңісіне арналды.

«Нұр Отан» партиясын және Мәжіліс депуттарының кезектен тыс сайлауында партия Лидерін нық жеңісімен салтанатты түрде құттықтауға 10 мыңға жуық адам келді. Олардың көбі – жастар, «Жас Отан» жастар партиясының өкілдері.

Форумның қатысушыларына концерттік бағдарлама дайындалды. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты: Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, «Формат» тобы және басқалары.

Мемлекет басшысы болашақ ұрпаққа – халық бірлігі мен ынтымақтастығын сақтау керек деген тілек білдірді.