«Өз отыңды өшірме»

Оралхан Бөкей (1943-1993) – қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

Оралхан Бөкейдің шығармалары: «Үркер», «Қайдасың қасқа құлыным», «Мұзтау», «Ұйқым келмейді», «Үркер ауып барады», «Атау кере», «Қар қызы», «Кербұғы», «Жасынның ізі», «Ән салады шағылдар», «Сайтан көпір», «Зымырайды поездар», «Кісікиік».

Мұнымен қатар, қаламгер туындылары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон тілдеріне аударылды.

Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің хас шебері. Оның туындыларында көркемдік, мазмұн, пішін жағынан ерекшелік басым.

1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Осы орайда институтымыздың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ф.ғ.к., доцент Лаура Дауренбекованың ұйымдастыруымен «Өз отыңды өшірме» атты әдеби-танымдық кеш заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналды.