Көне мерекелердің бірі – Наурызды тойлау қарсаңында
Парсы тілінен аударғанда Наурыз сөзі «Жаңа күн» дегенді білдіреді.
ЖОО-нда 2016 жылдың 11 наурызында педагогика кафедрасының профессоры Т.А. Абдрашитова этносаралық жағдайда жастардың этникалық төзімділігін дамыту мақсатында, этникалық психология пәні аясында ПП-14-01 тобы студенттерімен «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің этникалық толеранттығын дамыту» тақырыбында дәріс-викторина өткізді. 2016 жылдың 13 наурызында институт студенттері Масленица мейрамын тойлауға арналған қалалық іс-шараларға қатысты. Масленицаны Наурызбен ұқсас деуге болады. Ол да көктемнің келуімен ұштасады.