Өз мамандығына алғашқы практикалық қадам

11 қаңтардан бастап, 14 күн бойы, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының 2-курс студенттері оқу-танымдық практикадан өтті. Олар алғашқы рет таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс атқарып, құқық қорғау, сот органдары мен өндірістік ұжымдарда тәжірибе алды. Оқу-танымдық практиканың жетекшісі профессор Мұқажанов Қайырбек Мұқажанұлы былай деді: «Мемлекеттің дамуы үшін білімді, өз білімін практика жүзінде қолдана алатын жастардың рөлі зор».

Олар мамандықтары бойынша терең білім алып, оны еңбек қызметінде пайдалана алулары қажет. Ол үшін екінші, төртінші курс студенттері кәсіби практикадан өтеді. Практиканың базаларына: Астана қ. Сот канцелярилері, Ішкі істер Департаменті, Юстиция Департаменті, Астана қ. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Департаменті және басқа кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындармен институт ұзақ мерзімді келісімшартқа отырып, жұмыс істейді. Кейбір студенттер ата-аналарының тұрғылықты орындарындағы, кәсіби практикадан өту және келешекте жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері бар мекемелерге бағытталады.

Көп жылдық тәжірибе, практиканың сапасымен суденттер де, базалық кәсіпорындар да риза болады. Бұған студенттердің практика бойынша есептері, мінездемелері және практика өту орнынан алғыс хаттар дәлел болады. Практика соңында студенттер, алған тәжірибелерімен, әсерлерімен бөлісіп, өз қызметтері жайында баяндап, атқарған жұмыстары туралы есептерін қорғайды.

Шығыс-Қазақстан облысының Күршім ауданында Ішкі істер бөлімінде практикадан өткен, Юк-14-01 тобының студенті Рашкен Еламан өз ойын былай жеткізеді: «Мен Қазақстан Рсепубликасының заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді пайдалануды үйрендім. Институт қабырғасында алған білімдер практикада жұмыс істеуге көп көмегін тигізді. Менің ойымша, әрбір студент, келешекте өз ісінің маманы болуы үшін, оқу-танымдық практикадан өтуі тиіс…».

Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша Павлодар №2 аудандық сотында практикадан өткен, ЮР-14-01 тобының студенті , Каиржанов Даулет өз практикасы туралы былай дейді: «Менің өз мамандығыма деген қызығушылығым оянды. Институтта алған білімдерімді көрсете алуға мүмкіндік болғанына қуаныштымын. Бұл білімдер практикада маған көмектесті. Мен, келешекте кәсіби заңгер болу үшін, осы бағытта алға жүруді шештім.

Алғашқы практика ылғи қиын болады. Белгісіз жайлар көп кездеседі. Алайда жақсы теориялық білім, институтта жете дайындалған жұмыс, базалық кәсіпорындардағы тілектестік қарым-қатынастар практиканың табысты өтуіне көмектесті.

Алғашқы оқу-танымдық практика мамандықтың негізін танудағы үлкен қадам болатынына сенеміз.