Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара
2023 жылғы 23 қазанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара бағдарламасы еліміздің мемлекеттік әнұраны мен оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ. Ә. Ахметовтің құттықтау сөзінен басталды. Проректор баяндама жасап, әрбір азамат үшін республика күнін мерекелеудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара біздің институт студенттерінің музыкалық және шығармашылық нөмірлерімен әрлендірілді.