«Ақселеу әлемі» шығармашылық кеші

Үстіміздегі жылдың 24 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ақселеу әлемі» тақырыбында этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбекті еске алу кешіне Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы жанындағы «АҚҚУ» әдеби бірлестігінің мүшелері мен аға оқытушы, филология магистрі А.Қ. Нұрбанова қатысты.