Заң пәндері кафедрасының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалына барды
2023 жылғы 19 қазанда PhD докторы, аға оқытушы Е.К. Даурембековтың жетекшілігімен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығына барды. Экскурсия барысында студенттер сот-медициналық сарапшының кәсіби қызметімен, сот-медициналық сараптаманы тағайындау және жүргізу негіздерімен және сот сараптамасы саласындағы басқа да мәселелермен таныстырылды. Студенттер тергеуші мен сарапшының сотқа дейінгі іс жүргізудегі өзара іс-қимылының қылмыстық-процестік ерекшеліктеріне байланысты барлық сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шаралар студенттерге теориялық білімдерін бекітуге және болашақ кәсіби қызметіне қажетті құзыреттерді игеруге мүмкіндік береді.