«Денсаулық жолы» күзгі студенттер марафоны аясындағы шахмат турнирі
2023 жылғы 8 қарашада А. Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасымен бірлесіп «Денсаулық жолы» күзгі студенттер марафоны аясында шахматтан турнир өткізді. Турнирге қатысушылар алдында тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна, Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасының СӨС үйлестірушісі Зябликова Ирина Михайловна және Студенттік Парламенттің спорттық фракциясының жетекшісі, Ф-21-01 академиялық тобының студенті Нуркеев Алмаз құттықтау сөз сөйлеп, шахмат турнирлерін өткізу дәстүрге айналғанын және біздің институт шахматшылардың спорттық шеберлігін жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.
Турнир барысында студенттер шахмат шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды – Аскаров Мадихан («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ИЯ-23-01 академиялық тобы), 2-орынды – Қалымбет Нұрайым («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, ШТ-23-04 академиялық тобы), 3-орынды – Аралбай Ильхан («Тарих» білім беру бағдарламасы, Т-22-01 академиялық тобы) иеленді.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ұйымдастырушылары – Салимжуаров Ганиға («Құқықтану» білім беру бағдарламасы, ЮР-20-01 академиялық тобы), Рамазан Айданаға («Аударма ісі» білім беру бағдарламасы, ПДТ-22-01 академиялық тобы), Нуркеев Алмазға («Қаржы» білім беру бағдарламасы, Ф-21-01 академиялық тобы) Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емхана басшылығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.