«Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа карсы іс-кимыдағы рөлі»
2023 жылы 6 қараша заң пәндері кафедрасының аға оқытушы з.ғ.м., Айтқұлова Арайлым Мырзаханқызы ЮҚ 21-01, ЮҚ 21-02 академиялық топтарының кураторы «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа карсы іс-кимыдағы рөлі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің басқа елдері үшін де өзекті болып табылады. Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеңуде дағдарыс орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) және халықаралық ұйымдардың рөлі маңызды және ажырамас. Дағдарыс орталықтары зардап шеккендерге қауіпсіз баспана, қолдау және көмек көрсетеді, зорлық- зомбылықтан құтылу үшін жағдай жасайды. Үкіметтік емес ұйымдар білім беру, кеңес беру және құрбандардың құқықтарын қамтамасыз ету деңгейінде белсенділік танытып, қоғамдық пікірді өзгертуде және көмекке мұқтаж адамдарды ресурстармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.