ЕАГИ студенттерінің «Класс Hyflex» оқу зертханасының жұмысына қатысуы

2023 жылғы 15 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Хайфлекс (Hyflex) технологиясы арқылы болашақ педагогтың кәсіби табыстылығын қамтамасыз ету» ғылыми жобасы аясында икемді оқыту ортасын және білімді меңгеруді қолдауға арналған «Hyflex сыныбы. Hyflex classroom» оқу зертханасының ашылуы өтті. Зертхананың ашылуында «Тәрбие жұмысының басым бағыттары: қазақстандық патриотизм, азаматтық және құқықтық тәрбие. Ұлттық тәрбие» тақырыбында п.ғ.д., профессор А.С. Амирова сөз сөйледі. Іс-шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері, оның ішінде А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.