Ұлттық валютаның 30 жылдығы
2023 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығын мерекелеу аясында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры І.Б. Елубай және Астана қаласы ҚР Ұлттық Банкі Орталық филиалы директорының орынбасары Р. К. Ищанованың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ ұлттық валютаны құру және мерейтойлық монеталарды шығару тарихы талқыланды.
Сол күні «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері қатысқан теңгенің цифрлық валютасының дизайнын жасау бойынша жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Ф-20-01 академиялық тобы (4 курс студенттері), екінші орынды – Ф-22-01 академиялық тобы (2 курс студенттері) және үшінші орынды – Қ-21-01 академиялық тобы (3 курс студенттері) иеленді. Мереке қызықты, танымды өтті және көрермендердің қызығушылығын тудырды.