Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2023 жылдың 8 желтоқсанында сағ. 10.00-де А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. ХХІ ғасырдың қазіргі гуманитарлық білім жүйесіндегі педагогика және психология.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
  3. Лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері.
  4. Шетел филологиясы және лингводидактика.
  5. Құқық және қазіргі экономика: жаңа сынақтар мен даму перспективалары.

Электрондық жинақ конференцияға дейін шығарылатын болады.
Конференция материалдарын шығару үшін тапсырыс пен баяндама мәтінін 2023 ж. 15 қарашасына дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 2500 теңге.
Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi

Мәтiн Microsoft Office Word-та терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;

  • парақтың оң жақ жоғарғы бөлiгiнде – кiшi әрiппен автордың аты-жөнi, ғылыми дәрежесi мен атағы; төменде: қаланың, жұмыс орындалған мекеменiң атауы;
  • ортасында: бас әрiппен мақаланың атауы, әрi қарай мәтiн;
  • әдеби дереккөздерге сілтемелер мақала соңында беріледі;
  • мақала мәтiнiн электронды түрде берулерiңiздi сұраймыз;
  • көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлiп жiберiлген немесе талаптарға сай рәсiмделмеген материалдар қаралмайды және керi қайтарылмайды; ұйымдастыру комитетi мақалаларды iрiктеу құқығын өзiне қалдырады;
  • мәтiн автор тарапынан редакциялануы, оқылуы тиiс.

Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:

010009, Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты,
e-mail: Konf.eagi@gmail.com , +77074314992, +7(7172) 561933
Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail.
Тiркеу жарнасы Астана қаласы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның
ИИК КZ806010111000036337 есеп-шотына аударылады,
БИН 990140001808,
БИК HSBKKZKX,
КБе 17, төлем бағытының коды 861