Орта білім беруді жаңғырту бойынша оқыту семинары
2024 жылғы 5 қаңтардан бастап ЕАГИ білім беру бағдарламаларының 35 оқытушысы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Тарих» педагогикалық бағыттағы оқытушылар үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру аясында оқыту курстарынан өтеді. «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының мақсаты –педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделін, сапалы білім берудің заманауи тәсілдерін әзірлеу болып табылады. Біздің оқытушылар Назарбаев Университеті базасында 15 қаңтардан бастап онлайн форматта және офлайн форматта оқытылады. Онлайн формат «Заманауи педагогикалық білім беру трендтері және қолайлы білім беру ортасы», «Оқытудағы студенттік орталықтандырылған тәсіл», «Педагогтардың IT құзыреттері және цифрлық педагогика», «Оқытудың белсенді әдістері», «Саясат, формалар және бағалау жүйесі» өзекті тақырыптары бойынша интерактивті түрде өтеді.