Заң пәндері кафедрасында ашық сабақтар
2023 жылғы 5 желтоқсанда Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, з.ғ.к., профессор К.З. Идрисов конституциялық реформалар қағидаларын, Қазақстанда президенттік институтты дамытудың негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, ЮР-23-01 және ЮҚ-23-01 (1-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарында көрнекті ғалымдар С. Зиманов, С. Сартаев, Г. Сапаргалиевтің және т. б. еңбектерін пайдалана отырып, тақырыптық ашық сабақтар өткізді.