«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау»
2024 жылғы 11-12 наурызда тәрбие жұмысы жөніндегі проректор п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және психологиялық қызмет жетекшісі А. Б. Мусиев мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Рухани жаңғыру» ҚҚ ұйымдастырған «Дін мәселелері бойынша білікті мамандарды даярлау» оқыту тренингінен өтті. Дәріскерлер педагог-психолог М.С. Тойғанов және ә.ғ.к. Т.Ж. Жақиянов болды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.