«Жастар қуаты – табысты келешекке бір қадам» тақырыбында студенттік жастармен халықаралық семинар-кеңес
2024 жылғы 1-2 наурызда тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы Н. Шынберген студент жастармен «Жастар қуаты – табысты келешекке бір қадам» тақырыбында халықаралық семинар-кеңеске қатысты. Павлодар қаласында өткен іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар, жастар студенттік ұйымдарының белсенділері және өңірлік омбудсмендер қатысты.