Студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, қорқытудың және нашақорлықтың алдын алу
2024 жылдың 2 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттердің Алматы ауданы бойынша Полиция басқармасының өкілдерімен студенттік жастар арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, буллингтің және нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесуі өтті.
Жиналғандарға тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі студенттер алдында «Алматы» ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Е. Жаугашева және «Алматы» ауданы Полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты, ЕАГИ түлектері қауымдастығының мүшесі Д.Д. Бекенов сөз сөйледі.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға сауатты жауаптар алды.