Резюме

Есқалиев Самат Амангелдіұлы

Қызметі: кафедра меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: профессор

Білімі:

1994: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, «Тарих және мемлекеттік құқық» мамандығы.

2000: 07.00.02 – «Отандық тарих» (Қазақстан Республикасының тарихы)

07.00.09 – «Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері» мамандықтары бойынша тарих ғылымдарының кандидаты

Оқытылатын пәндер: Қазақстан тарихы, Тарихнама, Деректану, Алғашқы қауымдық қоғам тарихы, Еуропа және Америка тарихы, КСРО тарихы, Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей, Қазақ мәдениетінің тарихы, Ежелгі әлем тарихы, Қосалқы тарихи пәндер, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының рөлі, Өлкетану.

Марапаттар мен сыйлықтар:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты, 2006 ж.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2010 ж.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, «Astana IT University» Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ ректорларының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына ие болды.

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері:

Республикалық және халықаралық конференциялардың, симпозиумдардың материалдары мен жинақтарында және ғылыми басылымдарда (Қазақстан, Ресей, Қытай, Швеция, Түркия) 100-ден астам жарияланымдары бар. 2 авторлық құқық объектісі куәлігі – ғылым туындысы, 4 оқу-әдістемелік құралы, 2 монографиясы бар.

Қосымша ақпарат:

Астана қаласы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу комиссиясының мүшесі (2022 жылдан бастап).

«Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы» жобасының үйлестірушісі, әзірлеушісі.

Орта білім беру мазмұнын жетілдіру, Қазақстан тарихы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі.

2023-2026 жылдарға арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін республикалық сараптама кеңесінің мүшесі.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» корреспондент-мүшесі.