ЕАГИ-де Ашық есік күндері өтті

2016 жылдың 16 сәуірінде ЕАГИ-де Ашық есік күндері өтті. Іс-шараға қонақ ретінде №5-ші гимназияның, № 32,70, 53, 50,63 және басқа орта мектептің түлектері қатысты.

Құттықтау сөздерін бірінші проректор, психол.ғ.к., профессор А.Д. Исмаилов және оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов білдірді. ЕАГИ проректорлары өз сөзінде мектеп бітірушілерді алдағы мектепті бітірулерімен құттықтап, емтихандарды жақсы тапсыруларына тілек білдірді.

Ары қарай, ЕАГИ кафедраларының меңгерушілері таныстыру сөздерімен шықты. Олар болашақ талапкерлерге оқу үдерісі мен сол немесе басқа мамандыққа түсудің келешегі туралы айтты.

Іс-шара барысында қонақтар біздің институтымыздың шығармашылық нөмірлерін тамашалады.

Іс-шара соңында тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова сөз сөйледі. Проректор өз сөзінде қонақтарға Еуразия гуманитарлық институтының қызметі жайлы айтып, болашақ талапкерлерді біздің Жоғары оқу орнымызға түсуге шақырды.

Сонымен қатар, қонақтар алдында біздің институтымыздың студенттері: Мажит А. – ЕАГИ еріктілер қозғалысының жетекшісі, Оразов Ж. – «Поэзия сен менімен егіз бе едің?» шығармашылық клубының жетекшісі және Ташебаева Ұ. – ҚР Президентінің атаулы шәкіртақысының иегері, волейбол бойынша әйелдер құрама командасының капитаны сөз сөйледі. Біздің белсенділеріміз өз сөздерінде мектеп бітірушілерге неліктен ЕАГИ-ді таңдағандары жайлы және біздің институтымыздағы оқудың нәтижелілігі туралы баяндады.