Біздің студенттерімізді «Заманауи франкофондық ән» музыкалды конкурсындағы жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
ЕАГИ-дің шығармашылық ұжымының демалыс күндері қызық және мазмұнды болды. 9 сәуірде Алматыда шетел тілдері кафедрасының 2-ші курс студенті Сайлаубай Арайлым «Шаттык» би тобымен «Заманауи франкофондық ән» музыкалды конкурсында ІІІ жүлделі орынға ие болды. Қазақстандағы Франция елшілігінің Француз Альянсы мен Қазақстандық Ассоциация француз тілінің оқытушыларымен бірге ұйымдастырылған конкурста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 32 қатысушының шығармашылық нөмірлері көрсетілді. Алғашқы 2 жүлделі орынды Алматы қаласының қатысушылары иеленді.
Біз талантты қыздарымызды жеңістерімен шын көңілмен құттықтап, алда толағай табыс тілейміз!