Ынтымақтастық жемісі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасындағы ынтымақтастығымыз артып келеді.
Ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары институттың басшылығының қолдауымен тағылымдамадан (педагогикалық практика) өтуде. Біз институттың заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ерекше шынайы құрметімді кафедра доценті Юри Николаевич Дрокинге білдіргім келеді. Юри Николаевич кейінгі бес жылда магистранттардың педагогикалық шеберлігін ғана емес, практикалық дағдысында жетілдірді. Оған өзі жетекшілік ететін криминологиялық аудиториядағы практикалық сабақтары дәлел. Осындай арнайы аудиторияны еліміздің ешқандай оқу орындарында кездестірген емеспін.
Юри Николаевичтен кеңес алу үшін академияда білім алатын әртүрлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері де асыға барады. Сондықтанда біз өз білім алушыларымыздың көп жағдайда аталған институттың заң пәндері кафедрасында тағылымдамадан өткенін қалаймыз.
Ынтымақтастық озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп қана қоймай, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға, білім сапасын арттыруға және жоғары білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Осы орайда құқық қорғау органдары академиясы А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтымен Қазақстан Республикасында құқықтық білім беруді дамыту бағытында кәсіби кадрлар даярлау, білім алушылардың біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға жемісті ынтымақтастыққа дайын екенімізді білдіреміз.
Қоғамымыздың игілігі, білім және ғылым саласын дамыту жолындағы қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне береміз деген үміттемін.
Б. Нұрмағамбетов
саяси ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттының
кафедра меңгерушісі, аға әділет кеңесшісі