ЕАГИ еріктілері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) қатысушы елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слетінде
2024 жылғы 3-4 қазанда институт еріктілері АӨСШК еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетіне қатысты. Іс-шараға Әзербайжан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Шри-Ланка және басқаларын қоса алғанда 21 елден 450-ден астам делегат жиналды. Пленарлық сессияға: Ерлан Карин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қайрат Сарыбай, АӨСШК бас хатшысы; Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің волонтерлік ұйымдарының басшылары қатысты.
Студенттер басқа елдердің волонтерлік тәжірибесін үйренуге және өздерін жаһандық волонтерлік қозғалыстың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік алды.