Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!
Бүгін, 5 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер күні аталып өтіледі. Барлық еріктілерді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!
ЕАГИ өмір сүрген жылдар ішінде еріктілер қозғалысы қолдауға, көмек қолын созуға дайын жастарды біріктіретін қуатты күшке айналды. «ЕАГИ – жақсылық аумағы» ұранымен жұмыс істей отырып, біздің еріктілер қоршаған ортаға, қоғамға және адамдарға пайда әкеледі. Бастамашыл, жомарт, шығармашыл және білімді студенттер – біздің институтымыздың жүрегі мен мақтанышы.
Сіздерге шын жүректен сарқылмас қуат пен оптимизм, денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Ректорат