«Толық адам» тұжырымы: интеллект және тәуелсіздік» тақырыбы бойынша қонақ дәрісі
2024 жылғы 5 желтоқсанда тарих апталығы аясында «Тәуелсіздік және Алаш» тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, доцент К.С. Ермагамбетова 1-3 курс студенттеріне (МД-24-01, БО-24-01, ШТ-23-01, Т-22-01 академиялық топтары) «ХХІ ғасырдың «Толық адам» тұжырымы: интеллект және тәуелсіздік» тақырыбы бойынша қонақ дәрісін оқыды. Дәріс соңында студенттер лекторға өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, одан сұхбат алды.