Педагогика және тарих кафедрасының профессорлар-оқытушылар  құрамының республикалық және халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысуы

2024 жылдың 27 қарашасында А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің педагогика және тарих кафедрасының оқытушылары республикалық және халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысты. Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогтардың құзыреттілігін арттырудағы жасанды интеллект» тақырыбында ұйымдастырған республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға п.ғ.д., профессор А.Т. Изакова, доцент И.А. Тобагабылова және аға оқытушы  А.Т. Балтабаева қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар осы күні А.Т. Изакова Өзбекстандағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы» атты өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарда «Жасанды интелекттің инклюзивті білім беруде пайдаланылуы» тақырыбында баяндама жасады.