Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттері ерекше балаларға қолдау көрсетті
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған, «EREKSHE ANALAR» қоғамдық қорына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттері ерекше балаларға қолдау көрсетті. Орталық директоры С.А. Калеева институт ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.