Заңгер студенттерді оқытудың практикалық әдістерін тиімді қолдану

2025 жылғы 23 қаңтарда заң пәндері кафедрасы «Есіл» ауданының полиция басқармасымен бірлесіп, оқу-таныстыру практикасынан өту шеңберінде Астана қаласы полиция департаментінің осы аумақтық бөлімшесінің базасында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін көшпелі оқу сабағы өткізілді.

Кадр қызметінің басшылығы, сондай-ақ жетекші бөлімшелердің жауапты қызметкерлері өткізген сабақтың барысында студенттер қазіргі жағдайдағы ішкі істер органдары қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерімен танысты. Білім алушылар полиция басқармасының негізгі қызметтерінің, атап айтқанда: тергеу және анықтау қызметінің, рұқсат беру жүйесі бөлімінің, ювеналды полицияның, жедел-криминалистикалық бөлімнің жұмысымен танысты. Полиция басқармасының қызметкерлері студенттермен ҚР Ішкі істер органдары жүйесін реформалау, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жағдайында полицияның сервистік моделін дамыту (құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында) ерекшеліктеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткізілген сабақ студенттердің белсенді қызығушылығын тудырды және жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ олардың ішкі істер органдары жүйесіндегі кәсіби қызметтің ерекшеліктері туралы хабардарлығын кеңейтуге ықпал етті.