Заңгер студенттердің оқу-таныстыру практикасы

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының заң пәндері кафедрасының оқытушылары білім алушылардың оқу-таныстыру практикасы шеңберінде Астана қаласы тергеу сотының базасында көшпелі сабақ өткізуге қатысты. Аталған іс-шара барысында елордалық тергеу сотының сот әкімшілігінің басшысы А.С. Ахонова, сондай-ақ осы құрылымдық бөлімшенің жетекші қызметкерлері екінші курс студенттерін осы сот қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерімен, судьялар мен сот әкімшілігі қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Студенттер мен ПОҚ үшін сот отырысы залына, мәжіліс залына, сот кітапханасына, медиация кабинетіне, спорт залына және соттың колл-орталығына барып, Сот ғимараты бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Көшпелі сабақ барлық қойылған сұрақтарға толық жауап алған студенттердің белсенді және жанды қызығушылығын тудырды және ЖОО-да алған теориялық білімдерін бекітуге, сондай-ақ болашақ заңгер мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ықпал етті.